Мәртөк ауданындағы ең танымал туристік нысанның бірі — Аққайың орманы. Жалпы аумағы 590 гектар болатын орманда қайың, қарағай, көктерек, қарағаш, жабайы алма секілді ағаш түрлері өседі. Мұнда қаражидек, құлпынай сияқты жабайы жемістер де кездеседі.
Аққайың орманының табиғи құндылығы да жоғары. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктердің 61 түрі бар. Олардың арасында торлы гладиолус, алтай астрасы, орман бүлдіргені, жоңғар погребогы, марьянник секілді өсімдіктер кездеседі. Орман аумағында экожүйе үшін маңызды үш ірі бұлақ бар. Аққайың орманындағы демалыс аумағы 7 гектарды алып жатыр. Келушілерге тегін демалыс орны ұйымдастырылған.
Орналасқан жері:Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы